- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда жақында бірнеше...
Түркістанда жақында бірнеше зауыт пен фабрика салынбақ
Түркістан облысында бірнеше инвестициялық жоба қолға алынып, шетелдік инвесторлармен бірге зауыт-фабрикалар салынбақ. Атап айтқанда, мұнай-химия, көмір-химия және күкірт қышқылы зауыттары, кальция карбиді мен цемент өндіретін кешен, жылыжай мен мал бордақылау алаңы салынады деп жоспарланып отыр. Газ және күн электр станциясы, Өгем өзенінің басында ГЭС каскады су құбыры сынды энергетикалық жобалар да іске асырылмақ.
Бұл жайлы премьер-министр Әлихан Смайыловтың Түркістан облысында барған жұмыс сапарында белгілі болды.
Үкімет басшысының айтуынша, электр станциясы сынды жобалар елдің оңтүстігінде тапшы болып отырған энергия көздерін толықтыруға, ал мал бордақылау мен жылыжай сынды кешендер азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға септігін тигізбек. Әрі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыруға ықпал етпек.
"Бұл жобалардың барлығы аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуетін көтеруге қызмет етеді. Тұрақты жұмыс орындарын ашып, өнеркәсіп өнімдерінің көлемін арттырмақ. Облыс әкімдігі қажетті инфрақұрылымдармен қамтамасыз ете отырып, бұл жобалардың жүзеге асуын қадағалауы, бақылауы тиіс", - деп атап өтті Әлихан Смайылов.
Сондай-ақ премьер-министрмен жоба жетекшілерінің кездесуінде Түркістан облысында "Қасқасу" туристік-рекреациялық кешеннің жобасы әзірленіп, 4 мыңға жуықты адамды қамтитын туристтік орынның қалпына келтіріліп жатқаны белгілі болды.
"Меніңше, Түркістан облысының туризм нысандарын дамытуға әлеуеті зор. Туристтік орындардың экономикалық тиімділігі жоғары. Сондықтан бұл салада білікті мамандар мен кадрларды дайындауды назардан тыс қалдырмау керек", - деп атап өтті үкімет басшысы.
Түркістан облысында жеңіл өнеркәсіп пен жасыл энергетика кешендерін салуға қолайлы аймақ. Бұл салалар итальян инвесторларына қызықты. Бұл жайлы Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының Қазақстандағы Италияның елшісі Марко Альберти бастаған делегациямен кездесу өткізіп, келіссөз жүргізу кезінде белгілі болды.
Өңір басшысының айтуынша, былтыр Түркістанға тартылған инвестицияның көлемі 60 пайызға артып, 1,7 млрд долларға жеткен. 2018 жылдан бері аймаққа тартылған инвестицияның көлемі 3,5 млрд долларды құраған.
"Италья инвесторларының қатысуымен Отырар ауданында капиталы 26 млн долларды құрайтын қуаты 50 МВт болатын жоба іске асырылып жатыр. Италья елінің инвесторлары жасыл энергетика саласын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Мәселен, жақында Түркістан қаласының мектептердің біріне ENI компаниясы күн электр станциясын орнатып берді", - деп атап өтті Дархан Сатыбалды елшімен кездесуде.
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы, туризм, жаңа технологияларды қолдану бойынша инвестиция тартуға мүдделі көрінеді.
Қ. Слямбек"Әсіресе, итальяндық бизнесмендерді тоқыма және тігін фабрикаларын салуға шақырамыз. Бұған Түркістан өңірінің әлеуметі мықты, өте қолайлы. Мәселенің барлығын талқылауға дайынбыз", - деп түсіндірді аймақ басшысы.