Түркістанда "фисташки" өсірілмек
Түркістан облыс орталығына айналғалы бері қалада түрлі экзотикалық өсімдіктер мен ағаш отырғызу қолға алынды. Соның бірі – таупісте. Адам мен аң-құсқа сая болатын, табиғаттың тосын мінезіне төтеп бере алатын бұл өсімдік әдетте Жерорта теңізі мен Солтүстік Батыс Африка, Шығыс елдері мен Кавказда өсетін. Енді биыл Түркістан қаласында да жеміс бермек, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Негізінен, бұған дайындық сонау 2021 жылдың күзінен басталса керек. Түркістан облысы "Сайрам-Өгем" мемлекеттік ұлттық паркінің Түлкібас филиалында көп жылдан бері өсіп тұрған бұл өсімдіктің 2021 жылы 5 келісін жинап алып, тәжірибе ретінде стратификацияға қойған.
"Енді бүршік жара бастаған таупісте дәнін 2022 жылдың көктемінде "Жасыл аймақ" КММ-нің ғылыми қызметкерлері "Ескі әуежай" учаскесіне егіп көрді. Нәтижесінде егілген дәннің 65 пайызы жеміс берді. Бұл микроклиматы өте құрғақ Түркістан қаласы үшін өте жақсы көрсеткіш", - дейді "Жасыл аймақ" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің аға ғылыми қызметкері Төлеби Мұхтарұлы.
Мерей Матай
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Қ. Әбілдәқызы