Түркістанда өз ағзасын сатуға оқталған тұрғын сот алдында жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Айыпталушы М. бүйрегін сату мақсатында 2025 жылы ақпанда Telegram желісі арқылы жарнама жасап, нәтижесінде ішкі істер органдарының қызметкері А.-мен жолығып, 13 миллион теңгеге сататынын келіскен. Ол 5 миллион теңгені қолма-қол алу барысында ұсталған.
Сотта айыпталушы М. кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке мұқтаждығы себеп болғанын айтып, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген.
Сот "Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңын қолданып, М.-ны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, іс жүргізуді тоқтатқан.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!