Түркістанда дүкен иесі жұмысшысының атына 1,5 миллион несие рәсімдеген

Түркістанда дүкен иесі жұмысшысының атына 1,5 миллион несие рәсімдеген
Фото: ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Түркістанда кәсіпкер қызметкердің атына 1,5 миллион несие рәсімдеген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінді. Оның айтуынша, белгісіз адам оның атына алаяқтық арқылы несие рәсімдеген. Келтірілген залал шамамен 1,5 миллион теңге болады.

Полицейлер бұл деректі Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша тіркеді. Күдікті бір тәулік ішінде ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді.

Ол жәбірленуші жұмыс істейтін дүкен иесі болып шықты. Тергеу барысында күдікті кірістер мен шығыстарды тексеремін деген сылтауымен қызметкерден ұялы телефон сұрап, банк қосымшасы арқылы онлайн түрде несие рәсімдегені белгілі болды. Ол алған ақшасын өзіне жұмсаған.

Қазір осы дерек бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова