Түркістанда дрифт жасаған жүргізші жауапқа тартылды

Түркістанда дрифт жасаған жүргізші жауапқа тартылды
Фото: ІІМ

Түркістанда дрифт жасаған жүргізші жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның әлеуметтік желіге жүргізген мониторингі нәтижесінде көшелердің бірінде BMW көлігінің жүргізушісі жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, дрифт жасағаны анықталған.

Тексеріс барысында көлікті 19 жастағы жігіт тізгіндегені белгілі болды.

"Құқық бұзған адамға тиісті шара қолданылып, көлік арнайы айыптұраққа қойылды", - деді полиция.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget