Түркістан облысында Бауыржан Момышұлы мектебін бітірген 63 түлек түгел мемлекеттік грантқа ие болды, - деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.
Телеарна мәліметінше, Жетісай ауданы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты Бауыржан Момышұлы мектеп гимназиясының оқушылары биылғы 2021-2022 оқу жылын сәтті аяқтаған. Мектеп бітіруші бес сыныптың 63 оқушысы түгел мемлекеттік грант иегері атанған. Олардың 30-ы "Алтын белгіге", 21-і "үздік аттестатқа" ие болған.
Айта кетейік, мектеп гимназияның орташа балы - 105 пайыз. Бұл білім ордасынан кейінгі 7 жылда 299 алтын белгі, 125 қызыл аттестат иегері шыққан.