Түркістан облыстық балалар ауруханасының медицина мамандары ота залына балаларды ерекше әдіспен кіргізіп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Кішкентай пациенттердің ота алдында қорқыныш сезімін болдырмау үшін "Сен қаһарман батыр боласың" деп, танымал фильмнің кейіпкері – "Бэтменнің" киімін кигізіп, аналары ота залына өздері ертіп кіргізіп жатыр.
"Бұл әдісті облыстық балалар ауруханасының қызметкерлері University Medical Center-де ота ісі мамандарын біріктіретін IV Ұлттық симпозиумына қатысып, жақсы тәжірибе жинақтап, өз жұмыстарына енгізді. Қаһарман батыр кейіпкерінің киімін киген балалар отаға көтеріңкі көңіл-күймен кіріп жатыр. Бұл әдісті әлемнің озық елдері қолданысқа енгізген, ол жақсы нәтиже беріп жатыр", - делінген хабарламада.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!