Түркістанда балабақшалардың бірінде әйел баланы ұрып-соғып жатқан сәті видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ELITAR.KZ сайтына сілтеме жасап.
Видео авторының айтуынша, бүлдіршінді аспазшы соққыға жыққан. Ал баланың балабақшаға барғанына екі күн өткен.
"Бұл - Түркістандағы балабақша. Баланың балабақшаға барғалы екінші күн болды, әлі үйренбегені анық, жылап жатқан шығар. Бірақ бұл оны ұрудың қажеті жоқ қой. Аспаз оны ұрды. Ал бұл кезде тәрбиеші, күтушілер қайда болды?!", - деп ашуланады видео авторы.
Басылым журналистері Түркістан облысы әкімдігіндегілерден жағдайға қатысты пікір білдіруді өтінді. Алайда олар бұл өтінішке әлі жауап жоқ.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!