Түркістанда 14 жастағы кешкі уақытта ешкімге ескертпестен үйінен шығып, оралмаған. Жақындары оны өздері іздеуге тырысқан, бірақ нәтиже болмапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Полицияға жасөспірімнің анасы шағымданған. Іздестіру шаралары барысында тәртіп сақшылары жасөспірімнің баруы мүмкін деген жерлерді қарап, жақын достарынан, таныстарынан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Полицейлер жас қызды саябақта қыдырып жүрген жерінен тапты.
Жасөспірім қыздың анасымен ұрысып қалғаны белгілі болды. Жанжалдан соң үйінен қашып кетіп, достарының үйінде түнеген.
Мектеп оқушысы үйіне оралды.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!