Түркістанда Америкадан қыдырып келген бала жоғалып кеткен

Түркістанда Америкадан қыдырып келген бала жоғалып кеткен
Фото: ІІМ

Түркістанға туристік сапармен АҚШ азаматы Иоаннис Пикалов отбасымен бірге келген. Серуен барысында оның 6 жасар ұлы Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңында жүрген кезде жоғалып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баласын өз бетінше таба алмаған шетелдік азамат дереу туристік полиция қызметкерлеріне жүгінген. Полицейлер арыз түскен сәттен бастап жедел әрекет етіп, іздестіру шараларын ұйымдастырған.

Тәртіп сақшылары оқиға орнын және жақын маңдағы аумақты толық тексеріп, бейнебақылау камералары арқылы баланың қозғалыс бағытын анықтаған.

"Жедел қабылданған шаралар нәтижесінде балақай бірнеше сағат ішінде жақын маңдағы дүкендердің бірінен аман-есен табылып, ата-анасына табысталды", - деп жазылған хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget