Түркістанда алимент төлемеген борышкерлер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы алимент төлеу міндеттерін әлейі орындамайған борышкерлерге қатысты талдау жүргізу арқылы берешек қарызы жиналған 72 борышкерлердің құмар ойындарына жалпы 274 млн теңге салым салғанын анықтады.
Бұл дерек бойынша облыс прокуратурасы құзырлы органға тиісті шара қолдану үшін ұсыну енгізді.
Статистикалық мәліметке сәйкес, осы жылдың өткен мерзімінде облыс бойынша сот орындаушылардың өндірісінде алиментке қатысты 22 219 атқару құжаттары орындауда болып, нәтижесімен 2 376 аяқталып, 19 843 құжат орындалу сатысында.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!