Түркістанда алғаш рет “Мұз шоуы“ өтті

Түркістанда алғаш рет “Мұз шоуы“ өтті
Фото: Түркістан облысы әкімдігі

Түркістанда әлемнің әйгілі мәнерлеп сырғанаушылары және еліміздің мақтанышы Элизабет Тұрсынбаева "Мұз сарайында" алғаш рет "Мұз шоуы" қойылымын қойды.

Әлемдік турда Евгения Медведова, Алина Загитова, Елизавета Туктамышева бастаған 20-дан аса мәнерлеп сырғанаушы өнер көрсетті. Олимпиада және Еуропа чемпиондары мен жүлдегерлері Түркістан төріндегі мұз айдынының көркін қыздырды.

Оларды тәжірибелі жаттықтырушы Этери Тутбаридзе бастап келді. Ол – бірегей спорттық шоулардың авторы.

Шараға қатысушылар осындай эстетикалық спорт түрінің және айрықша бекзада өнердің түркістандық көрерменге қолжетімді болғанына қуанышын жеткізді.

"Мұз сарайында" өткен бұл шоу – әлемдік деңгейдегі кәсіпқой спортшылардың басын қосқан бірегей жоба. Осы іс-шарада арнайы келген спорт жұлдыздары өздерінің мәнерлеп сырғанаудан ерекше нөмірлерін көрермендерге ұсынды.

Айта кетейік, Түркістанда қысқы спорт түрлері де дамып жатыр. Әлемдік деңгейдегі чемпиондар жас спортшыларымызбен өз тәжірибесін бөлісіп, оларға спортта үлкен жетістіктерге жетуіне серпін берді және аймақтың туристік әлеуетін көтеруге өз үлесін қосты.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Massaget.kz
Logotype Massaget