- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда алапат өрт...
Түркістанда алапат өрт болды: кесене маңындағы мейрамхана жанды
Түркістанда кесене маңында алапат өрт болды, - деп хабарлпайды "Массагет" тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазнетте жанып жатқан мейрамхананың видеосы тарады. Желі қолданушылары өрт "Керуен-сарай" аумағында басталғанын жазып жатыр. Бірақ Түркістан облысының әкімдігі ақпаратты жоққа шығарды.
Жергілікті биліктің мәліметінше, өрт "Керуен-сарайда" емес, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің маңында болған.
"16 маусымда сағат 11.48-де Түркістанда "Әзірет-Сұлтан" қорық мұражайының қорғалатын аумағынан тыс орналасқан екі қабатты "Жеті тандыр" кафесінің 2-қабатынан өрт шықты. Өрт басталғаннан алты минут өткен соң ТЖД-ның алғашқы қызметкерлері келді. Қазіргі уақытта өрт сөндірілді, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, кафенің "Керуен сарай" ойын-сауық кешеніне қатысы жоқ", - деді Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов.
Сурет: ТЖД баспасөз қызметі
G. Dosymshalova