- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда 8 млн...
Түркістанда 8 млн жуық теңгеге бюджет қаражаты жымқырылған
Түркістанда 8 млн жуық теңгеге бюджет қаражаты жымқырылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысының прокуратурасы қазынашылық департаментінің қызметінде жүйелі заңдылықты бұзушылықтарды анықтады.
Тексеру нәтижесінде жұмысшылардың еңбек құқықтарын бұзу, жеке қаржыландыру жоспарын негізсіз қолдау, үнемделген қаражатты басқа бюджеттік бағдарламаларға аудару секілді фактілер анықталды.
Департаменттің лауазымды тұлғалары "Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі" КММ есепшілерімен сөзбайласу арқылы КММ-ніңқызметкерлерінің санын негізсіз ұлғайтып, 8 млн жуық теңгені иемденген.
5 шілдеде облыс прокуратурасы жинақталған құжаттарды сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алуфактісімен СДТБТ тіркеп, тергеу жүргізуді Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне тапсырды.
Сондай-ақ жоғарыда аталған заң бұзушылықтарды жою мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ұсыныс енгізді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
С. Сатыбалдина