Түркістанда 74 жастағы зейнеткер лифт шахтасына құлап қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға Түркістан қаласындағы Жаңа қала аумағында салынып біткеніне бір-екі жыл болған су жаңа үйлердің бірінде болған. Бұл - қалада жеделсатыға байланысты болған алғашқы жағдай.
Түркістан қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Талғат Үсенбаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына байланысты лифтінің кабинкасы бесінші қабатқа тоқтатылған. Алайда бірінші қабаттағы лифтінің есігін зейнеткер қалай ашқаны белгісіз. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатқаны хабарланды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!