Түркістанда 73 рет жол ережесін бұзған такси жүргізушісі ұсталды

Түркістанда 73 рет жол ережесін бұзған такси жүргізушісі ұсталды
Фото: видеодан алынған кадр

Түркістандық полицейлер 70 рет жол ережесін бұзған такси жүргізушісін анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Облыстық трассалардың бірінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Қорғау-қауіпті жүргізуші" бағдарламасының көмегімен жол қозғалысы ережесін бірнеше рет бұзған армян нөмірлі Honda автокөлігін анықтады.

Тексеру барысында жеке тасымалдаумен айналысатын 40 жастағы жүргізуші Түркістан, Қызылорда облыстары мен Шымкенттің жолдарында 73 рет жол қозғалысы ережелерін бұзғаны анықталды.

Әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 1,2 миллион теңгеден асты.

Полицейлер құқық бұзушының көлігін айыптұраққа жеткізді.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан