- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Полиция
Түркістанда 4 миллион теңге айыппұлы бар жүргізуші полицейлерден қашпақ болған
Фото:
Коллаж: polisia.kz, depositphotos.com
Түркістанда полиция жасырынуға тырысқан борышкер жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Жарылқапов көшесінде BMW 750 автокөлікті тоқтатқан.
Полицейлер жүргізушінің 4 миллион теңгеге төленбеген қарызы бар екенін анықтады. Алайда автокөлік жүргізушісі тәртіп сақшыларының тоқтату туралы заңды талабына бағынбай, жылдамдықты арттырып, полициядан жасырынуға тырысқан.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде полиция қызметкерлері көлікті тоқтатып, айыппұл тұрағына орналастырды, ал жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан