• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Түркістанда 22 адам сушиден уланып қалған

Түркістанда 22 адам сушиден уланып қалған
Фото: Tengrinews.kz/ Тұрар Қазанғапов

Түркістанда жаппай астан улану дерегі тіркелді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі 24kz-ке сілтеме жасап.

Қалалық орталық ауруханаға 22 науқас жатқызылды. Ақпарат көздеріне сүйенсек, науқастардың жасы 12 мен 14 аралығында.

"Барлығы да сушиден ұшынған болуы мүмкін. Дәрігерлер "Тағамдық токсикоинфекция, болжамды жағдай" диагнозын қойды. Ем қабылдап жатқан науқастардың жағдайы қалыпты", - деп жазылған мәліметте.

Барлығы жұқпалы аурулар бөлімшесінің оқшауланған палаталарына жатқызылған, оларға тиісті ем тағайындалған.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget