Түркістанда 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды

Түркістанда 15 жастағы қызға азғындық жасады деген күдікпен ер адам ұсталды
Фото: depositphotos.com

Желіде Түркістан облысында 15 жастағы қызға 33-тегі ер адам азғындық жасады деген жазба тарады. Автордың сөзінше, ол жасөспірімді қорқытып, көпқабатты тұрғын үйлердің біріне апарып, жалаңаш суретке түсірген. Содан кейін мектеп жасындағы қызға зорлық көрсеткені айтылады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Қазіргі таңда бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынды. Істің мән-жайы анықталып жатыр.

"Полиция жергілікті тұрғынның кәмелетке толмағанға қарсы қылмыстық іс-әрекеті бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар кәмелетке толмаған жасөспірімнің жалаңаш фотосуреттері туралы таралған ақпарат шындыққа жанаспайды. Полиция азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге шақырады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жариялауға жатпайды", - деп хабарлады Түркістан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков. 

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

М. Лұқпан