Түркістанда 15 жастағы қыздың ішінен 1 келідей шаш алынды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, қалалық балалар ауруханасында 15 жастағы қызға ота жасалып, оның ішінен 1 келідей шаш алынған.
"Жедел жәрдем қызметі асқазаны ауырған қызды ауруханаға шұғыл жеткізген. Тексеріс кезінде асқазанда бөгде зат бары анықталған. Дәрігерлер лезде шешім қабылдап, күрделі ота жасаған. Ота 2 сағат 50 минутқа созылған", - деп жазылған арна дерегінде.
Мәліметке сүйенсек, қыздың кішкентайынан шаш, тырнақ жейтін әдеті болған. Мамандар мұндай жағдай медицинада өте сирек кездесетінін айтты.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз