- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістанда 1,5 жасар...
Түркістанда 1,5 жасар баланы жұлқылаған тәрбиеші жұмыстан кетті
Түркістанда 1,5 жасар баланы жұлқылаған тәрбиеші жұмыстан кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrarkz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіде балабақша қызметкерінің баланы аяусыз жұлқылаған видеосы тарады. Оқиға 21 ақпан күні Түркістандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған.
1,5 жастағы баланың анасы балабақшадағы бейнебақылау камерасын қарап, кейін құзырлы органдарға шағымданған. Болған оқиға бойыша полиция қылмыстық іс қозғады.
"Полиция Түркістандағы балабақшада баланы ұру дерегі бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта барлық мән жай анықталып жатыр", - деп мәлімдеді Түркістан облыстық полиция департаментінің бастығының орынбасары Асылжан Қалдарбеков.
Облыстық білім басқармасы тәрбиешінің көмекшісі өз өтініші бойынша жұмыстан босатылғанын хабарлады.
"Аталған мәселені Түркістан облысының білім басқармасы назарға алды. Оқиға Түркістандағы жекеменшік балабақшалардың бірінде болған. Қазіргі таңда аталған іс бойынша құзырлы органдар жұмыс істеп жатыр. Тәрбиешінің көмекшісі қазіргі таңда өз еркімен жұмыстан босатылды", - деді Түркістан білім бөлімінің бас маманы Жансая Орынбасарова.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан