Түркістанда ғасыр жасаған ақсақалдың құрметіне арналған мерейлі той өтті. Бұл қуанышты қарияның ұл-қыздары жасап берген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
Тойдың видеосы ТікТок желісінде пайда болды. Той иесінің қыздары "Әкеге алғыс" әнін орындап, ерекше құрмет көрсетеді. Автордың мәліметінше, қария 4 қыз, 5 ұлдың әкесі.
Бұл сәтті көрген желі қолданушылары 100 жасаған қарт тұрғынға амандық пен саулық тілеп, ақсақалдың ұл-қыздарының бұл тосын сыйына ерекше сүйсінді.
"Қандай әдемі! Қыздары бар бақытты әке. Әке-шешесі бар қыздар бақытты!", "Керемет", "Қандай керемет көрініс. Сүйегі асыл ғой. Алланың берген сыйы, бізге де атаның жасын берсін", "Алла күш-қуат берсін", "Бізге де жұғысты болсын", "Алла бәрімізге жақсы қартаюды нәсеп етсін", "Әкелеріңіз аман болсын!", "Әкеңіздің дені сау, ғасырдан асып, аман жүрсін", "Қандай бақыт! Ата-анамыз аман болсын" деп жазды желідегілер.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!