Түркістан тұрғыны қайтарымсыз грант аламын деп алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түлкібас аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен жергілікті әйелді қолға түсірді.
Күдікке ілінген әйел жәбірленушіге кәсіп ашуға арналған жоспар жазып, мемлекеттен қайтарымсыз несие алып беремін деп сендірген. Танысының сөзіне сенген тұрғын оған бір жарым миллион теңге берген. Алайда ақшаны алған күдікті байланыстан қашқан, хабарласқанда түрлі сылтау айтып, уақытты созған.
Тәртіп сақшылары жұмыссыз тұрғынның осыған ұқсас тағы бір фактісін анықтады.
Жәбірленушілерден алған 2 миллион ақшаны жаратып жіберген.
Қазіргі таңда әйелге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз