"Әділдік жолы" қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Дидар Смағұлов Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында жемқорлықпен күресу жолында қандай жағдайларға тап болатынын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оның сөзінше, ауызбастырық ұсынатындар көп болған.
"Қазіргі таңда көбі - келісу. Бұрын қорқытқан болатын. Олар "бұл тапсырыс" дейді. Біз "ешқандай тапсырыс жоқ, заң шеңберінде жұмыс істейміз, заңды бұзсаңыздар сіздерге келеміз" дейміз. "Дидар, мемлекеттік қызметші емессің, шенеунік емессің, ақша алсаң да, ол пара емес. Ала салшы, көзіңді жаба салшы" дейді. Адамдар арқылы "Түркістанға келмеші, Түркістан туралы ештеңе айтпасаң, үш бөлмелі пәтер, камри 70 береміз" деді", - деді ол.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!