Түркістан полициясы 7,5 миллион теңге қарызы бар көлік жүргізушісін анықтады , - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Жедел басқару орталығынан полицейлерге "Қорғау" жүйесіне Кia Rio көлігіне қатысты дабыл келіп түскен.
Көлікте 7,5 миллион теңгеден астам берешек болған.
Патрульдік полиция инспекторлары қабылданған шаралардың нәтижесінде аталған автокөлігін Алматы – Ташкент – Термез тас жолынан анықтап, тоқтатты.
Полицейлер автокөлікті айыптұраққа кіргізіп, жүргізушіге берешек пен салынған әкімшілік айыппұлдарды уақытылы өтеу қажет екенін түсіндірді.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз