Түркістан облысының полицейлері бопсалау қылмысы бойынша 2 жігітті анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы полиция департаментіне Леңгір қаласының тұрғыны арызданды. Жәбірленушінің айтуынша, оны белгісіз біреулер пышақпен қорқытып, күш қолданып, 5 миллион теңге бопсалаған. Полицейлер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 194-бабы 3-бөлігі "Қорқытып алу" бойынша тіркеп, күдіктілерді анықтауға кірісті.
Ақпарат бойынша қылмысты ашуға, күдіктілерді ұстауға бірден Түркістан облысы полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының тәжірибелі қызметкерлері мен жедел-тергеу тобы жұмылдырылды.
Төле би ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізген полицейлер, нәтижесінде 5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны алып тұрған жерінен 2 жігітті ұстады. Олардың біреуі бұрын сотты болған Төле би ауданының тұрғыны.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!