• 500.67
  • 490.7
  • 6.04

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған

Түркістан облысының тұрғыны өз үйінде есірткі зертханасын ұйымдастырған
Фото: ІІМ баспасөз қызметі

Түркістан облысының тұрғыны есірткі өсіру үшін өз үйінде фитозертхана ұйымдастырған. Бұл туралы ІІМ өкілі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысында есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бөлінісінің қызметкерлері 38 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірген.

Оның үйінің бақшасынан заңсыз фитозертхана анықталған. Тексеріс барысында арнайы жабдықтар мен жалпы салмағы 60 келіден асатын есірткі салынған қаптар тәркіленген.

"Күдіктінің үйінен екі атыс қаруы табылды. Сараптамалар тағайындалды. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр", - деді ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Данияр Мейірхан.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget