- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысының тұрғыны...
Түркістан облысының тұрғыны қызын зорлады деген күдікке ілінді
Фото:
©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов
Түркістан облысының тұрғыны қызын зорлады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы Полиция департаменті қыздың анасының арызы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
"Күдікті қамауда. Сараптамалар тағайындалды. Барлық жағдайлар анықталып жатыр. Кәмелетке толмаған қыз дағдарыс орталығына орналастырылған, оған тиісті көмек көрсетіледі.
Тергеу барысы Түркістан облысы Полиция департаменті басшылығының бақылауында", - делінген хабарламада.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина