Түркістан облысының тұрғыны көршісінің үйінен тоңазытқышты ұрлап кеткен

Түркістан облысы Сарыағаш ауданының полициясы көршісінің үйіне ұрлыққа түскен жас жігітті қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Күдікті жігіт көршісінің үйінде жоқ екенін алдын ала біліп, күндізгі уақытта терезе арқылы ішке кіріп, құны 150 мың теңге тұратын тоңазытқышын жасырын жымқырып кеткен. Ал ұрланған затты 8 мың теңгеге сатып жіберген.

"Тәртіп сақшылары қолды болған затты тәркілеп, иесіне қайтарды. Сондай-ақ полицейлер күдікке ілінген жігіттің бұдан бөлек, дәл осындай пәтер ұрлығына қатысты бір жайтын анықтады", - деп хабарлады полиция.

Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!