Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімен сотқа берілген А.-ға қатысты қылмыстық істі қарады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
2022 жылғы 30 шілдеде Отырар ауданы Арыс ауылының тұрғыны, сотталушы А. ағасының жасөспірім қызы өзінің құрбыларымен аулада ойнап жүрген кезінде, жас балаларға қатысты яғни, кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер Е.-ге, М.-ға, А-ға қатысты ойына сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық іс-әрекеттерін жасау қылмыстық пиғылы пайда болып, жас балаларға қатысты бірнеше рет сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық және зорлау әрекеттерін жасаған.
Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, А.-ға ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімен кінәлі деп танып, оған педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыруды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуін белгілеуді, Қылмыстық кодексінің 93-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сай, химиялық кастрациялау түрінде және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын мәжбүрлеп емдеуін, жазаларын ішінара қосу арқылы түпкілікті 24 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуін белгілеуді сұраған.
Сотталушы кінәсін ішінара мойындады.
"Сот шешімімен сотталушы А.-ға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігімен, 121-бабы 4-бөлігімін кінәлі деп танылып, оған түпкілікті педагогикалық және кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге байланысты қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып 25 (жиырма бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы, жазаны қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеу жазасы тағайындалған. Қылмыстық кодексінің 93-бабы 1-бөлігінің 5-тармағына сай, химиялық кастрациялау түрінде және сексуалдық зорлық-зомбылыққа бейімділік пен сексуалдық артықшылық беруінің бұзылуын мәжбүрлеп емдеу тағайындалған", - деп хабарлады Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!