- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысының түлектері...
Түркістан облысының түлектері жалғызбасты анаға баспана сыйламақ
Түркістан облысында Ордабасы ауданы Темірлан ауылының 2004 жылғы мектеп бітірушілері мұқтаж отбасылардың біріне баспана сыйламақшы, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі astanatv.kz-ке сілтеме жасап.
Мектеп түлектері аудан орталығындағы қос қабатты тұрғын үйден екі бөлмелі пәтерді сатып алған. Әктеп, сырлау жұмыстарын аяқтаған жігіттер дәл қазір кілемін төсеп, пердесіне дейін өздері іліп жатыр. Көпбалалы отбасыға жиһаздарына дейін алып бермекші. Бұл баспана аудандағы жалғызбасты аналардың біріне тапсырылады.
"Темірландағы ең мұқтаж деген жанды таңдап алдық. Әзірше ол отбасы өзіне жасалғалы жатқан тосынсыйдан бейхабар" дейді түлектер.
Енді түлектер пәтер кілтін бүгін, яғни соңғы қоңырау күні өмірден өткен ұстаздары мен сыныптарының рухына құран бағыштау кезінде жалғызбасты анаға хабарласып, сүйінші сұрамақ.
"Бұл енді біздің қайырымдылық ісімізді басқада түлектер бар, 10 жылдық, 20 жылдық түлектеріміз бар, солар әрі қарай жалғастырып, қаншама жетім отбасылар бар әке-шешесінен айрылған, жалғызбасты аналар бар. Солардың барлығына әйтеуір кішкене болсын үлестерін қосып, үйлі болып, осы мақсатымызды әрі қарай жалғастырса деген ниетіміз бар енді", - Темірлан ауылының түлегі Нұрболат Орынтаев.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан