Түркістан облысының прокуроры жұмыс орнында өлі табылды
Түркістан облысының прокуроры Марат Алиханов жұмыс орнында өлі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бас прокуратураның баспасөз қызметі өкілдері Марат Алихановтың кенеттен қайтыс болғаны туралы ақпаратты растады.
Айта кетейік, Марат Тілеуқабылұлы Алиханов Түркістан облысының прокуроры қызметіне 2020 жылы тағайындалған еді.
Марат Алиханов 1965 жылы бұрынғы Целиноград облысы Есілде дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік университетінің Құқықтану факультетін бітірген. Прокуратура органдарындағы қызметін 1989 жылы Ақтөбеде прокуратураның тағылымдамашы-тергеушіден бастаған.
Ақсу ауданының соты, Павлодар облысының Екібастұз ауданы, Ақсу қаласы мен Павлодар ауданының прокуроры қызметтерін атқарған.
2012 жылғы қазанда Ақмола облысы бойынша экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы күрес Агенттігі Департаментінің бастығы болып тағайындалған.
2014 жылғы қарашадан бастап Қазақстан Республикасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары, соңынан бірінші орынбасары, ал 2016 жылғы желтоқсанында Қазақстан Республикасының Бас көлік прокуроры болып қызмет атқараған еді.
Жаңа тағайындауға дейін Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары болды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек