Түркістан облысы Ордабасы ауданының тұрғыны сот арқылы өзінің 1994 жылғы 8 ақпанда туғанын ресми түрде дәлелдеп шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі OTYRAR-ға сілтеме жасап.
Ата-анасы құжаттарды дұрыс рәсімдемегендіктен, оған туу туралы куәлік берілмей қалған. Бүгінде ол тек орта мектепті аяқтаған, азаматтық некеде тұрады және төрт бала тәрбиелеп отыр.
Сот куәгерлердің айғақтарын, әлеуметтік қызмет пен медициналық қорытындыларды ескеріп, өтініш берушінің талабын толық қанағаттандырды. Сонымен қатар, сот оның ата-анасымен туыстығын да растады. Бұл шешім тұрғынға өзіне және балаларына ресми құжаттарды рәсімдеуге мүмкіндік берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Бөлек