- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Төтенше жағдай
Түркістан облысындағы теміржол бойында төтенше жағдай болды
Фото: Otyrar.kz
Түркістан облысының Түлкібас ауданында бірнеше жүк вагоны теміржолдан шығып кетті. Оқиға дүйсенбі, 20 қаңтар күні кешке болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Otyrar-ға сілтеме жасап.
"Зардап шеккендер жоқ. Басқа пойыздар штаттық режимде жүріп жатыр", - деп хабарлады телеарнаның сайты.
Көліктегі полиция басқармасының баспасөз қызметі Шымкент станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 1-бөлігі бойынша жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу фактілері бойынша тергеу жүргізіп жатқанын хабарлады.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лес