- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысындағы су...
Түркістан облысындағы су тасқыны: Юрий Ильин өңірге барады
Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Түркістан облысына барады, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысында Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел штабы ұйымдастырылды.
300-ден астам адам, 50-ден астам техника, 25 мотопомпа суды сорып шығаруға және ағызуға жұмылдырылған.
Еске салайық, Түркістан облысында қар еріп, жауын көп жауғанына байланысты елді мекендерді су басып жатыр.
Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Бәйдібек (Шаян, Таңатар, Ынтымақ, Ақбұлақ, Шақпақ, Бірлік), Сауран (Бабайқорған, Абай, Үлгілі, Орангай, Майдантал, Шаға), Ордабасы аудандарында (Шұбарсу, Бадам, Шұбар) қардың тез еруі салдарынан су төмен қарай аққан.
Қазіргі уақытта құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
М. Лұқпан