Түркістан облысындағы өрт: 7 жасар қыз екі аптадан кейін көз жұмды

Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз екі аптадан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Жетісай ауданындағы өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас 30 қарашада қайтыс болған.

Мән-жайы

Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.

Қайғылы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!