Түркістан облысындағы өрттен зардап шеккен 7 жасар қыз екі аптадан кейін көз жұмды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Түркістан облысы Денсаулық сақтау басқармасы мәліметінше, Жетісай ауданындағы өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас 30 қарашада қайтыс болған.
Мән-жайы
Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысы Жетісай ауданы Алғабас ауылында орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам қаза тапты, тоғызы - бала.
Қайғылы жағдайға байланысты Үкіметтік комиссия құрылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова