Түркістан облысындағы қаралы жағдай: суға батқан соңғы қыздың денесі табылды

Түркістан облысындағы қаралы жағдай: суға батқан соңғы қыздың денесі табылды
Фото: ТЖМ

Түркістан облысында суға батқан соңғы қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгін сағат 14:56-да Сырдария өзенінен 21 тамызда суға батқан қыздың денесі табылды. Бұл күні барлығы 11 адам суға батып кеткен еді, оның ішінде 8-і - кәмелет жасқа толмағандар. 

Еске салайық, бұған дейін Түркістан облысында 11 адам суға батып кеткенін, құтқарушылар тоғыз адамның мәйітін тапқанын хабарланған едік.

Олардың екеуі - әйел, тоғызы - бала. Балалардың ең кішісі төрт жаста екен. 

Кейінірек әлеуметтік желіде олардың суға шомылуға бармағаны, көпір сынып, адамдар содан кейін суға батқаны туралы ақпарат тарады.

Алайда мұны Түркістан облысы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Бақытжан Запаров растамады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова