Түркістан облысындағы алқаптарға марокко шегірткелері қаптаған. Оларға қарсы күрес ұшқышсыз ұшақтардың көмегімен жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазірдің өзінде 252 мың гектар жер (93 пайыз) өңделді, оның 1,4 мың гектарына арнайы дрондар қолданылды. Заманауи техника бір сағатта 18 гектар жерді қамти алады, ауадағы жұмыс уақыты - 15-17 минут.
Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин шегірткемен күресу бойынша дәрі-дәрмек жеткізу мен сақтаудан бастап, өңдеуге дейінгі барлық қызмет түрлерін көрсететін мердігерлермен сөйлесті. Жұмыс барысымен танысып, тиісті тапсырмалар берді.
Бұл тәсіл Түркістан облысында пилоттық жоба түрінде сынақтан өтуде. Келесі жылы республика бойынша шегірткеге қарсы күрес қызметтерін сатып алуды орталықтандырылған бірыңғай жүйеге көшіру жоспарланған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!