Түркістан облысында заңсыз алтын өндіру дерегі анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Созақ ауданында алтын бар учаскелерді өз бетінше игергендер әшкере болды. Тексеріс барысында 12 адам рұқсат құжаттарсыз, экологиялық заңнаманы және өндірістік қауіпсіздік талаптарын бұзып, шамамен 451 грамм алтынды заңсыз өндіргені анықталған.
"Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 295-1-бабы 1 және 3-бөліктерінде көзделген құқықбұзушылық белгілерімен соталды тергеп-тексеру басталды", - деп жазылған хабарламада.
5 күдіктіге үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында табиғи байлықты миллиардтаған теңгеге шетелге сатқандар ұсталды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова