Түркістан облысында үш тонна шөп өртенді

Түркістан облысы Әйтеке би ауылында жеке тұрғын үйлердің бірінің аумағында үш тоннаға жуық шөп пен шаруашылық құрылысы өртенді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Өртсөндірушілер жақын маңдағы қосалқы ғимараттарға өрттің таралуына жол бермей, өртті толығымен сөндірді. Зардап шеккендер жоқ.

Өрттің себебі анықталып жатыр.

Төтенше жағдайлар министрлігі шөпті тұрғын үйлер мен шаруашылық құрылыстардан неғұрлым алыс жерлерде сақтау қажет екенін ескертті.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!