Түркістан облысында үш рет ұрлыққа түскен күдікті қылмыс үстінде ұсталды

Түркістан облысында үш рет ұрлыққа түскен күдікті қылмыс үстінде ұсталды
Фото: polisia.kz

Түркістан облысында үш рет ұрлыққа түскен күдікті қылмыс үстінде ұсталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында дүкен ұрлығына қатысы бар жас жігітті қолға түсірді. 

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті таңға жуық уақытта пластик терезені ашу арқылы азық-түлік дүкеніне кіріп, кассада тұрған 100 мың теңге ақшаны алу барысында ұсталған. Ұрлық фактісі дүкендегі камераға түскен. 

Күдіктінің аталған оқиғаға дейін осы дүкенге 3 рет ұрлық жасағаны белгілі болды. Қазіргі таңда күдікті қамауға алынып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

С. Сатыбалдина