Түркістан облысында ұрлық жасамақ болған адамды тұрғындар жабылып соққыға жыққан

Түркістан облысы Сайрам ауданында тұрғындар ұрлық жасамақ болған азаматты соққыға жыққан. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде тарап, қызу талқыға түскен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Онда бірнеше азамат күдіктіні жерге жығып, аяусыз соққының астына алғаны байқалады. Жәбірленушінің қатты тепкіден басы жарылып, қолы мен беті қан жоса болған.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, күдікті мал базарында ұрлық жасамақ болған. Іс тіркеуге алынып, қазір төбелеске қатысушылар жайында ақпарат жиналып жатыр.

"Сайрам ауданында мал базарының бірінде төбелес болды. Осыған байланысты жақын маңдағы полиция басқармасының қызметкерлері жіберілді. Белгілі болғандай, жәбірленуші ұрлық жасамақ болған, бірақ ешкім арызданбаған. Қазір іс тіркеуге алынып, төбелес ұйымдастырған адамдар анықталып жатыр", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Абдужаппарова.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!