- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Түркістан облысында ҰҚК...
Түркістан облысында ҰҚК қызметкерімін деп пара алған адам ұсталды
Фото:
видеодан кадр
Түркістан облысында тексеріс шараларын тоқтатуға уәде берген адам 6 миллион теңге көлемінде пара алу кезінде ұсталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ол өзін ҚР ҰҚК қызметкері ретінде таныстырған, оған ЭТТД мен ҰҚКД тарапынан тексеру іс-шараларын тоқтатамын деп пара беруге итермелеген.
ҚМА Түркістан облысы прокуратурасының үйлестіруімен және өңірдің ҰҚКД-мен бірлесіп жүргізген ұстау іс-шарасы барысында келісілген ақшалай сыйақы сомасы 12 миллион теңге екені анықталды, күдікті оның жартысын алған кезде ұсталды.
Бұл дерек бойынша соталды тергеу басталды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова