Түркістан облысында тұрғыннан марихуана табылды

Түркістан облысында тұрғыннан марихуана табылды
Фото: Polisia.kz

Түркістан облысында тұрғыннан марихуана табылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде құрамында есірткі заты бар өсімдікті сақтау дерегі бойынша күдіктіні ұстады.

Полиция Жетісай ауданы тұрғынының ауласын тінту кезінде қағазға оралған және 5 дана полиэтилен пакетке салынған хош иісті затты тауып, тәркіледі.

Табылған зат шамамен 500 грамнан астам марихуана екені расталды. Қазіргі таңда күдікті ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

С. Сатыбалдина