- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Алаяқтық
Түркістан облысында тұрғындарды 5 миллион теңгеге сан соқтырған күдікті ұсталды
Фото:
polisia.kz
Түркістан облысында полиция тұрғындарды 5 миллион теңгеге сан соқтырған күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жәбірленушілердің айтуынша, "зейнетақы алуға көмектесемін", "мемлекеттен қайтарымсыз грант алып беремін" деген бейтаныс әйелдің жалған сөзіне сеніп, берген ақшаларынан айырылып қалған.
Тергеу барысында тергеуші Дінмұхамед Әбдәкім күдіктінің алаяқтықтың үш фактісіне қатысы барын, жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 5 миллион теңге екенін анықтады.
Нәтижесінде қылмыстық іс материалдары сотқа жіберіліп, қаражат жәбірленушілерге қайтарылды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан