Түркістан облысының полициясы азаматтарға 19 млн теңге шығын келтірген алаяқтың ісін сотқа жолдады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Келес аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы кезінде алаяқтық қылмысына қатысы бар деген күдікпен 59 жастағы ер адамды ұстады.
Күдікті тұрғындардың сеніміне кіріп, кәсіппен айналысу үшін қолма-қол несие шығарып беремін деп алдын ала ақшаларын алғаны анықталды. Ол осындай жалған уәде беріп, 27 тұрғынды алдап үлгерген.
Жәбірленушілерден 200 мың мен 1,5 миллион теңге көлемінде ақша алып, жалпы 19 миллион теңге шығын келтірген. Күдікті ер адамның ісі сотқа жолданды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!