Түркістан облысының полицейлері алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен 28 жастағы ер азаматты қолға түсірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Анықталғандай, арызданушылар Instagram әлеуметтік желісіндегі жалған интернет-дүкен парақшасы арқылы алданған. Яғни әлеуметтік инстаграм желісінде күдікті жігіт үй жиһазын жеткізетіндігін айтып, сенімдеріне кіріп, 4 бірдей тұрғынды алдап үлгерген. Онда жалған парақшасында жиһаз сатып, жеткізіп беретінін хабарлап, тұтынушыдан алдын ала төлем жасауын сұраған. Ал ақшаны алғаннан кейін, сол күйі кері байланысқа шықпаған.
Жәбірленушілерге 1,2 млн теңге шығын келтірген. Қазіргі таңда күдіктінің ісі сотқа өтті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!