Түркістан облысында тойдағы кортеждің арты жауапкершілікке тартылумен аяқталды

Түркістан облысында тойдағы кортеждің арты жауапкершілікке тартылумен аяқталды
Фото: ІІМ

Түркістан облысында той кортежін ұйымдастырған жүргізушілер жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Оқиға Сауран ауданында қыз ұзату тойы кезінде болған. Mercedes-benz, Toyota және Nexia 5 көліктерінің жүргізушілері анықталған. Бұл көліктер айыптұрағына қойылды. 

"Олар жол апаты жағдайын жасағаны, жолаушыларды тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамағаны, көлікті мемлекеттік тіркеу нөмірлерінсіз басқарғаны, маневр жасау ережелерін бұзғаны, сондай-ақ, көліктерге зақым келтіргені үшін жауапкершілікке тартылды", - деп жазылған хабарламада.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget