Түркістан облысында цемент цехында жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
13 қарашада Түлкібас аудандық полиция бөліміне Sas-Tobe Technologies ЖШС цехында өрт шыққаны туралы хабарлама түскен. Төтенше жағдай салдарынан үш жұмысшы әртүрлі дәрежедегі күйік алды.
"Полицейлер Түркістан облысындағы кәсіпорында жұмысшының жарақаты мен өлімінің себептерін анықтауға кірісті. Зардап шеккендердің бірі Түлкібас ауданының тұрғыны алған жарақаттарынан есін жимай, ауруханада қайтыс болды. Бұл факті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 156-бабының 3-бөлігімен "Еңбектi қорғау қағидаларын бұзу" бойынша тіркелді. Бірқатар тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Асылжан Қалдарбеков жағдайға қатысты түсінік берді.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!